Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда "Көктем–2020" республикалық оқу жаттығулары өтеді
24 Ақпан 2020, 23:52 207

Нұр-Сұлтанда "Көктем–2020" республикалық оқу жаттығулары өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу-жаттығу жұмысын өткізу барысында су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығына байқау жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Авариялық-құтқару құрамаларымен практикалық шаралар орнында келесі тасқынға қарсы іс-шаралар көзделген:

- зардап шеккендерді эвакуациялау, құмға толы қаптардан қорғаныс үйінділерін жасау; 

- еріген суды тазалау және қар шығару жұмыстарын жүргізу;

-зардап шеккендерге жылыту мен тамақтандыру пунктерін ұйымдастыру;

- электрэнергетикалық желілердегі электр беру желілерінің үзілуін жою және инертті материалдары бар қаптардан үйінді бөгет салу.

Шара 25 ақпан күні сағат 10:20-да басталады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...