Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда демалыс күндеріне қандай шаралар жоспарланған
25 Қаңтар 2020, 14:24 118

Нұр-Сұлтанда демалыс күндеріне қандай шаралар жоспарланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы демалыс күндері елордада бірнеше чемпионат, көптеген театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарламалар жоспарланған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша, астаналықтар 24-26 қаңтар сағат 10.00-де  "Сарыарқа" спорт кешенінде белбеу күресінен жастар арасында Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатын тамашалай алады.

Сондай-ақ 24 қаңтар сағат 19.00-де "Номад" ХК – "Ижсталь" ХК командалары арасында шайбалы хоккей бойынша матч "Барыс Арена" мұз айдынында өтетін болады. Одан бөлек, спортсүйер қауым демалыс күндері грэпплинг бойынша халықаралық турнир мен қазақ күресінен чемпионатқа бара алады. Біріншісі сағат 10.00-де "Дәулет" спорт кешенінде басталса, екінші спорт сайысы "Аспан" спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған. М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымы апта соңында бірнеше репертуарларын қояды. Соның бірі – 24-26 қаңтар аралығында сағат 10.00, 12.00-де өтетін А. Болдиновтың "Приключение Аистенка" ертегісі. Сонымен қатар теат сахнасында жексенбі сағат 18.00-де "Женитьба" қойылымы көрерменге жол тартады.

Қалеки театрының да көрермен назарына қатарынан үш туындыны ұсынбақ. Мәселен, 24 қаңтар сағат 19:00-де У. Шекспирдің "Отелло" трагедиясы қойылса, келесі күні сол уақытта "Ләйлі-Мәжнүн" қойылымы көрсетіледі.

Ал жексенбі күні дәл сол уақытта Ж. Шевренің "Ізгілік формуласы" комедиясы паш етілмек. 25 қаңтарда "Жастар" сарайында И. Вырыпаевтың "Валентинов день" драмасы өтетін болады. Қойылым тура сағат 18.00-де басталады. Ал бір сағаттан кейін А. Жұбанов, Л.Хамидидің "Абай" операсы "Астана Опера" театрының сахнасында орындалады.

Сол күні кешкі 19.30-да "Astana Musical" театрының ұжымы астаналықтарды "Қазақстан" ОКЗ өтетін Сиқырлы сазды хор концертіне шақырады. "Astana Ballet" театры да елордалықтарды сенбі-жексенбі сағат 18.00-де "Щелкунчик" ертегісіне күтеді.

Жексенбі күні концерт, қойылымдармен қатар, балаларға арналған бірқатар шаралар бар. Соның бірі – сағат 12.00, 14.00, 16.00-де  Қуыршықтар театрында өтетін "Ещё раз о русалочке" ертегісі. Ал сағат таңғы 9.00-де балақайлар "Жастар" сарайында өтетін "Сияние звёзд" балалар шығармашылығының фестиваліне қатыса алады.

26 қаңтарда "Шёлковая лестница" операсы сағат 17.00-де "Астана Опера" театрында өтсе, сағат 19:00 "Қазақстан" ОКЗ Ресей, Грузияның халық әртісі Тамара Гвердцителидің "Ориентир любви" концерті болады. Сол күні 10.00-де № 7 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері арасында киокушинкай-кан каратэ бойынша біріншілік "Аспан" СК басталады.

Сонымен қатар сол уақытта ММА аралас жекпе-жек бойынша Нұр-Сұлтан қаласының V чемпионаты ЕҰУ спорт кешенінде өтеді.

Одан бөлек, 26 қаңтарда екі спорттық шара жоспарланған. "Сарыарка" велотрегінде сағат 15.00-де ВТБ Бірыңғай лигасы аясында "Астана" БК – "Зелена Гура" БК командалары арасында баскетбол ойыны болады. Ал сағат 17.00 "Барыс Арена" мұз айдынында "Номад" ХК – "Молот-Прикамье" ХК командалары арасында шайбалы хоккейден матч өтеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...