Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

18 Маусым 2020, 14:32
1424
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты демалыс күндері (21-22 маусымда) елордада қоғамдық көлік жүрмейді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 22 маусымда дүйсенбі күні оралады. 
Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қорғаныс министрлігінің күшімен адам көп жүретін орындарда (саябақтар, гүлзарлар және т.б.) ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы