Нұр-Сұлтанда «Бизнестің жол картасы» бойынша грант иегерлері анықталды

18 Қыркүйек 2020, 21:01
1303
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда «Бизнестің жол картасы» бойынша грант иегерлері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 грант иеленуші халықтың әлеуметтік осал топтары қатарына жатады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант иегерлері анықталды. Байқау қорытындысы бойынша 57 кәсіпкер грантпен қаржыландыруға ие болады.

7-11 қыркүйек аралығында өткен отырыстарда байқау комиссиясының мүшелері 563 жобаны қарап, бағалады. Олардың 57-сі ең көп балл жинап, мемлекеттік грантқа ұсынылды, - деп хабарлады қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы Әділет Тілепов.
Оның айтуынша, грант иегерлерінің арасында, 14 кәсіпкер жастар болса, 22 адам халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар.

Конкурсқа қатысу үшін барлығы 599 өтінім берілді. Олардың 36-сы іріктеу кезеңінен өтпеді, өйткені олар бағдарлама шарттарына сәйкес келмеді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл БЖК бойынша гранттық қаржыландыруға 260 млн теңге қарастырылған. Бұл ретте 200 млн теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Ал 30 жасқа толмаған кәсіпкерлерге арналған 60 млн теңге республикалық бюджеттен түскен. Грант көлемі 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін.

Айта кетейік,«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы Қазақстанда 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның бағыттарының біріне әкімдіктер жетекшілік етеді.

Жергілікті атқарушы органдар бизнесті гранттармен және инфрақұрылымдық бағытта қолдайды. Грант иелену конкурсына жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер де, өз ісін ашқысы келетін қазақстандықтар да, оның ішінде әйелдер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар және 50 жастан асқан адамдар да қатыса алады.

Өзгелердің жаңалығы