Елордада балабақшаға топтау мамырдың ортасынан басталады

17 Сәуір 2019, 15:11
1728
Бөлісу:
Елордада балабақшаға топтау мамырдың ортасынан басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық білім басқармасы 20 сәуірден бастап балаларды балабақшаға топтау кезеңінің басталатындығы жайлы  мессенджерлер арқылы таралып жатқан ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Нұр-Сұлтан қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды топтауды мамыр айының ортасында бастаймыз деп жоспарлаудамыз. Бұл туралы ақпарат алдын-ала БАҚ-та, білім басқармасының bilim.astana.kz ресми ресурсында және әлеуметтік желілердегі басқарманың парақшаларында жарияланатын болады», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, басқармада мектепке дейінгі ұйымға жолдаманы e.astana.kz порталы арқылы (ЭЦҚ)  24/7 режимінде алуға болатынын еске салды.
Өзгелердің жаңалығы