Нұр-Сұлтанда балалар байқауы басталды

8 Сәуір 2019, 14:03
2540
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда балалар байқауы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл «Шаттық» балалар-жасөспірімдер байқауы жаңашылдыққа толы болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Бүгін Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының сахнасында «Шаттық-2019» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ХІІІ қалалық шығармашылық байқауы ашылды. Оған қатысуға 116 қалалық білім беру ұйымының 7 мыңнан астам оқушысы өтініш білдірген.

Байқау 8-23 сәуір аралығында аспаптық соло, аспаптық ансамбль – классика, халық аспаптары, хормен ән айту, эстрадалық ән айту, вокалдық ансамбль, халықтық ән айту, халық биі, заманауи би, поэзия, театр, фотосурет, бейнелеу өнері, ерекше жанр сияқты 14 номинация бойынша өтеді. Салтанатты ашылу рәсімін «Хореография» жанрының конкурстық бағдарламасы жалғастырды. 50-ден астам білім беру ұйымы 8-11 жас, 12-14 жас, 15 жас және одан жоғары жас санаттарында «Халық биі» номинациясына қатысады. 

«Шаттық-2019» тұжырымдамасының негізі ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала алынды, онда Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұлы даланың фольклоры мен әуендері қазіргі заманғы цифрлық форматта» шырқалуы қажет екенін атап өткен болатын.

Конкурс «Жаңа дәуір – жаңа көзқарас» ұранымен өтеді. Биыл «Шаттық» байқауының өз жаңалығы болуы мүмкін. Қатысушылар театрализация, визуализация және басқа да құралдарды пайдалана отырып, өз шығармашылығын жаңа бағытта ұсынады.

«Мысалы, әлемге әйгілі музыкалық шығарма жаңа интерпретацияда орындала алады, сонымен қатар, әуен өзіндік визуализация арқылы жаңа формаға ие болады», – деп түсіндірді Оқушылар сарайының әлеуметтік жобалар әдістемелік орталығының меңгерушісі Наталья Красноштанова. 

Байқау 23 сәуірде «Қазақстан» ОКЗ сахнасындағы гала-концертпен аяқталады.


Өзгелердің жаңалығы