Нұр-Сұлтанда автопарктер мен автобустарға ауқымды дезинфекция жүргізілді

21 Маусым 2020, 14:28
839
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда автопарктер мен автобустарға ауқымды дезинфекция жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-21 маусымда Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция өтуде. Жұмыс аясында адам көп жиналатын орындардың барлығы қамтылған. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қалалық қызметтер автобустарда, автобус паркі ғимараттарында да дезинфекция жүргізді. Естеріңізге сала кетейік, 20-21 маусымда қоғамдық көліктер тоқтатылды. 22 маусымнан бастап қалалық және қала маңындағы маршруттардың қозғалысы қайта басталады. 

Экспресс маршруттардың жұмысы туралы ақпарат қосымша ұсынылады. Бағдарларды күнделікті дезинфекциялау жалғасатынын, жүргізушілер соңғы аялдама орындарында дымқыл тазалау жүргізетінін хабарлаймыз. Маска тағу режимін сақтауды ұмытпаңыз – автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. 

Автобусқа отыру тек алдыңғы есік арқылы жүргізіледі. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады – көлік картасы, SMS, QR коды.



Өзгелердің жаңалығы