Нұр-Сұлтанда ауа райы 22 градусқа дейін жылынады

3 Мамыр 2019, 13:11
1830
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ауа райы 22 градусқа дейін жылынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы демалыс күндері елордада күн жылынады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Синоптиктердің хабарлауынша, 3 мамырда күн ашық болады. Солтүстік-шығыстан 5-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0…-2°С, күндіз  +12...+14°С құрайды.

4 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік батыстан соғатын желдің екпіні - 5-14 м/с құрайды. Ауа температурасы 0…+2°С, күндіз 17...+19°С шамасында. 

5 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.  Сынап бағанасы түнде +2...+4°С, күндіз +20...+22°С көрсетеді.
Өзгелердің жаңалығы