Нұр-Сұлтанда қарлы боранға байланысты сабақтар тоқтатылды

23 Қаңтар 2020, 07:15
1882
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда қарлы боранға байланысты сабақтар тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада боран салдарынан мектептердегі сабақтар тоқтатылды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы хабарлады. 
2020 жылдың 23 қаңтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептеріндегі 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақтар тоқтатылды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қатты желдің болуына байланысты Ақмола облысында бастауыш сынып оқушылары үшін және Теміртау мектептеріндегі бірінші және екінші ауысымның 1-11 сынып оқушыларына сабақтар тоқтатылды.
Өзгелердің жаңалығы