Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен M-1 Challenge турнирі өтеді
25 Маусым 2019, 20:00 230

Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен M-1 Challenge турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 маусым күні Нұр-Сұлтанда «Барыс-Арена» көпфункционалды спорт кешенінде аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 102 #ДругойТы_ в KAZ MMA турнирі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Турнир аясында әлем чемпионы атағы үшін үш жекпе-жек өтеді.

Жартылай орта салмақтағы спортшы Шавкат Рахмонов Алматыда өткен M-1 Challenge турнирінде чемпиондық белбеуді жеңіп алған болатын. Енді ол Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жаңа турнирде қатарынан 11 рет өтетін жеңістен өзінің мінсіз сериясын жалғастыруды көздеп отыр. Ол Бразилиядан келген спортшы Тьяго Варежао Ласердамен кездеседі.

2017 жылы өткен M-1 Challengeде, жартылай жеңіл салмақта жанкүйерлердің есінде мәңгілік қалған Виктор Колесников пен Нэйт Ландвери жекпе-жегі болатын. Тоқтаусыз қарсыласудың үш раундынан кейін жеңіске америкалық спортшы жеткен болатын. Енді ескі қарсыластар қайтадан кездесіп, 2017 жылғы жекпе-жекті ел есіне салмақ.

Бос чемпиондық белбеу үшін күрес, жеңіл салмақтағы екі үміткер арасында өтеді. Олардың бірі жеңілуді білмейтін Александр Осетров, ол M-1 Challenge рейджінде алты жекпе-жектің бесеуінде жеңіске жеткен. Бұл кездесудің екінші қатысушысы Сергей Морозов болады, ол бір титулдық жекпе-жекке дейін жетіп, бірақ Мовсар Евлоевты жеңе алмады. Осыдан кейін ол қатарынан үш рет жеңіске жетіп, чемпион атағы үшін өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Турнирдің ұйымдастырушылары М1-Global (Ресей) және «Қазақстанның біріккен ММА федерациялар қауымдастығы» ЗТБ. Аталмыш ұйымды қазақстандық танымал спорт насихаттаушысы Ғалымжан Есенов басқарды, бас директоры – Валихан Тен. Қоғамдық бірлестік каратэ, жекпе-жек, толық қатынасты спорт түрлері және де ММА аралас жекпе-жегі сияқты 4 бағытты дамытып келе жатқан Қазақстанның жауынгерлік өнер Қауымдастығының қолдауымен жұмыс істейді (президенті К.Қ.Мәсімов). ММА Аралас жауынгерлік жекпе-жегі - жекпе-жекте ең тиімді техникаларды, мектептік және жауынгерлік өнер элементтерін байланыстыратын әмбебап спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасында 2013 жылдың 26 маусымында ресми спорт түрі деп танылды.

Турнир бағдарламасында көрермендер әр елден келген спортшылардың қатысуымен 13 жекпе-жек күтіп тұр. Турнир Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 16:30-да басталады.

 


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық