Нұр-Сұлтанда 1,6 мыңнан астам ағаш отырғызылады

17 Сәуір 2019, 11:35
1700
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 1,6 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экологиялық акцияға 100 мыңнан адам қатысады деп күтілуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

26 наурыз бен 26 мамыр аралығында елордада жалпықалалық «Нұр-Сұлтан – таза әрі қауіпсіз қала» акциясы өткізіледі. Оның аясында қаланың барлық аудандарында аумақты санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру шаралары жүргізілмек.

Сенбіліктер 20 сәуір мен 11 мамыр аралығында өткізілетін болады. 20 сәуірде қалалық және республикалық органдар мен ұйымдардың қатысуымен ағаштарды отырғызу науқаны өтеді деп жоспарлануда.

Жалпылай алғанда, ағаштардың 1665 талы егілмек. Бұдан бөлек, газондарды ретке келтіру, ағаштарды ақтау және белгіленбеген жерлерде қалыптасқан қоқыс орындарын жою жұмыстары жүргізіледі. Экологиялық акцияға 100 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Жалпықалалық «Нұр-Сұлтан – таза әрі қауіпсіз қала» акциясы барысында елордалық кәсіпорындар, ПИК және коммуналдық қызметтері қоқыстың 1299,15 тоннасын жинап, қала сыртына шығарды.
Өзгелердің жаңалығы