Нұр-Сұлтан – жасампаздық пен үйлесімділіктің үлгісі

26 Наурыз 2019, 18:33
2188
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан – жасампаздық пен үйлесімділіктің үлгісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің ІV, V шақырылымдардағы депутаты Розақұл Халмұрадов елорданың Нұр-Сұлтан атануына байланысты пікірін білдірді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елорда атауына қатысты айтқан алғашқы ұсынысы алысты болжай алатын көреген саясаткер екендігін көрсетті. Отанымыздың орталығы бұрынғы Астананың Нұр-Сұлтан аталуы қоғам тарапынан қанша жылдан бері айтылып жүрген салиқалы ұсыныстың ескеріліп, уақтылы іске асуы деп ұғамын.

Елорданың Нұр-Сұлтан аталуы біз сенім білдірген, ел алдында жүрген азаматтардың дербес таңдауы. Нұр-Сұлтан – жасампаздық пен үйлесімділіктің үлгісі, ең бастысы – елім деген Елбасы еңбегінің жемісі һәм жеңісі.

Бүгінде әлемдік талаптарға сай келетін сәулеттік келбеті келісті шаһарда халықаралық деңгейдегі ауқымды шаралар тұрақты ұйымдастырылып, маңызды шешімдер қабылдануда. Бұл өз кезегінде Қазақстанның абыройын асқақтатып, беделін бекемдеуге септігін тигізуде.

Тәуелсіз Қазақстанның қабырғасы толық қатпаған кезде Н.Ә.Назарбаевтың тарихи шешім қабылдап, бас қаланың бас архитекторы болғандығы өз алдына жеке дастан. Бүгінде, Елорда – халқымыздың мақтанышы, болашаққа жетелеп, жаңа болмысты қалыптастырып отырған тарихи жобасы.  

Ақсақал ретінде Президентіміздің ұсынысын қолдау – қаланы салуға қанша жылдар бойы қажыр-қайратын жұмсаған Елбасыға Қазақстан халқы тарапынан көрсетілген жан жадыратар жыл қайтарымы деп білемін" - деді Розақұл Халмұрадов..

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өзгелердің жаңалығы