Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингте 4 мыңға жуық адам ұсталды – министр
18 Маусым 2019, 12:25 314

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингте 4 мыңға жуық адам ұсталды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен аптада еліміздің ірі қалаларында болған бейбіт шеру кезінде 4 мыңға жуық адам ұсталған. Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейін ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. 

«9-13 маусым аралығында еліміздің ірі қалаларында рұқсат етілмеген митингтер өтті. Бас прокуратура мен ішкі министрлігі алдын-ала бірнеше рет ескерту жасады. Соған қарамастан шеруге шыққан азаматтар митингтер мен демонстрациялар туралы заңды бұзды. Еліміздің заңында бейбіт шеруге шығу үшін 10 күн бұрын жергілікті атқару органға өтінім жазу керектігі анық жазылған», - дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, митинг кезінде Қазақстан полициясы ешқандай қару қолданбаған. Тек шиеленіс болған тұста физикалық күш көрсетумен шектелген. 

«Полицияға митинг кезінде көз жасаурататын газ, дубинка секілді қарулар қолданбауға пәрмен берілді. Сондықтан олар бұйрықты орындады. Жалпы, митингтер кезінде 4 мыңға тарта адам ұсталып, 3 сағаттың ішінде 3 мыңы босатылды. 677 адам сот арқылы арқылы әкімшілік қамауға алынды. Ал 305 азаматқа айыппұл салынды», - деді министр.

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық