Нұр-Сұлтан мен Алматыда вирус жұқтырғандар саны неліктен күрт өсті?

8 Мамыр 2020, 16:31
1522
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Алматыда вирус жұқтырғандар саны неліктен күрт өсті?
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров онлайн сұқбат барысында неліктен соңғы айда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирус індеті күрт өршіп кеткенін айтып берді. 

Біз мүндай күрт өсу болатынын білдік. Алдыңғы айларда пневмония сиптомдары бар тұрғындар ғана зертханалық тестілеу арқылы тексерілген болғанын білесіздер. Байланыста болған адамдары да тексерістен өтті. Ал осы сәуір айынан бастап ҚР-ның бас дәрігерінің қаулысы бойынша халықтың белгілі топтарына  белсенді түрде скрининг, зертханалық скрининг өткіздік.  Яғни, олардың қатарына медицина, қарулы күштер тағы басқа қызмет саласының мамандары жатады. Белсенді түрде  тексерістің арқасында осындай күрт өсуді байқадық, - деді орталық басшысы.
Спикер эпидемиологияқ бақылау карантин біткен соң да жүзеге асырылатынын айтты.
Дәрігерлеріміз ауыр халдегі науқастарды да емдеді. Індет кезінде ішкі және сыртқы бақылау кезеңдерінен өтудеміз. Өздеріңіз білетіндей коронавирус инфекциясы бұл жаңа вирус. Осындай індеттердің таралмауына әсер ететін шаралардың бірі бұл карантин режимі. Осының арқасында бізде басқа елдерде сияқты күрт өсу жоқ. Инфекция бақылау органдарының бақылауында. Сондықтан карантин режимі пайдалы іс-шара екені сөзсіз. Эпидемиологияқ бақылау карантин біткен соң да жүзеге асырылады. Белгіленген арнайы топтар арасында зерттеулер жүргізіледі. Індетпен ауыратын кейбір науқаста коронавирустың ешқандай да белгілері болмауы тиіс. Сырты сап-сау адам болып көрінуі мүмкін. Сондықтан зерттеулер әрі қарай да белсенді түрде жүргізіледі, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы