Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары тағайындалды

25 Маусым 2019, 15:18
2817
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас Прокурордың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары лауазымына аға әділет кеңесшісі Ерлан Өтегенов тағайындалды, деп хабарлады прокуратура сайты.

Е.Р. Өтегенов 1976 жылы туылған. Ол прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы бастаған.

Әр уақытта Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Алматы қаласы прокуратураларында, оның ішінде басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.

Алматы қаласы табиғатты қорғау прокурорының орынбасары және Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары, Ақмола облысы Целиноград, Егіндікөл аудандарының, сондай-ақ Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы болды.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі қызметін атқараған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі - 18 жылдан асады.

Өзгелердің жаңалығы