Бас жаңалықтар
Нұр-Мүбарак университетінің түлегі Еуропа чемпионатында қола жүлдеге ие болды
23 Қаңтар 2020, 18:43 249

Нұр-Мүбарак университетінің түлегі Еуропа чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Алматы, BAQ.KZ.  Португалияның Лиссабон каласында джиу-джитсу шеберлері (IBJJF) арасында өткен Еуропа чемпионатында отандасымыз Әсет Қыдырбеков жүлделі орынға ие болды. Бұл туралы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байрақты бәсекеде Еуропаның мықты спортшылары бақ сынап, кім мықтыны анықтады. Қазақстан атынан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті "Исламтану" факультетінің 2013 жылғы түлегі Әсет Қыдырбеков қатысты. 

Әсет Бектұрсынұлы 82,3 келі салмақ дәрежесінде күш сынасып, қола жүлдеге ие болды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...