Бақылаушылар бұл сайлауда нәзік жандылардың белсенді екендігін айтты

9 Маусым 2019, 19:54
1862
Бөлісу:
Бақылаушылар бұл сайлауда нәзік жандылардың белсенді екендігін айтты
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысындағы 262 сайлау учаскесінде өтіп жатқан дауыс беру процесі тәуелсіз бақылаушылардың тікелей назарында.

Сонымен қатар, сайлауға қоғамдық мониторинг жүргізетін «Аманат» азаматтық платформасында жұмыс жасайтын 21 мобильді капитан әр учаскеге бір-бір бақылаушыдан дайындаған. Барлығы белсенді қызмет атқарып жатыр. Олардың құрамында ерікті азаматтар мен қоғам белсенділері, журналистер бар.

Бақылаушылар бұл сайлауда нәзік жандылардың белсенді екендігін айтты

Әр сайлау учаскесіндегі осы «Аманат» азаматтық платформасы өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, дауыс берушілердің 70%-ы нәзік жандылар, 30%-ы ғана ер адам. Дауыс берушілердің 80%-ы жастар, 17%-ы егде жастағылар болса, 3%-ы зейнеткерлер екен. Тәуелсіз бақылаушылардың айтуынша, сайлау барысында әзірге айтарлықтай құқық бұзушылық байқалмаған.

«Әр учаскеде мобильді капитандар жұмыс жасап жатыр. Күні бойы барлық ықшамаудандардағы учаскелерде қылмыстық іс бойынша акт толтыратындай заң бұзушылық байқалған жоқ. Құжат толтыру барысында немесе тұрғындар тарапынан кеткен қателіктерді біздің бақылаушыларымыз сол бойда түзетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Барлығы бір қалыпта жүріп жатыр», - дейді «Аманат» азаматтық платформасының өкілі Дәурен Сейітқалиев.

Өзгелердің жаңалығы