Вольфганг Ишингер Тоқаевты Мюнхен конференциясына қатысуға шақырды

6 Желтоқсан 2019, 15:53
7409
Бөлісу:
Вольфганг Ишингер Тоқаевты Мюнхен конференциясына қатысуға шақырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берлинде ресми сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингермен кездесу өткізді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан президенті Германия басшылығымен жүргізілген келіссөздердің нәтижелеріне тоқталып, Қазақстан нарығына неміс бизнесін, технологиясы мен инвестициясын тартудың маңыздылығы жөнінде айтты.

68ce576ae3d04e50e48afb02545db719.jpeg

Вольфганг Ишингер келесі жылы өтетін кезекті Мюнхен конференциясына дайындық барысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан президентін аталған беделді жиынға қатысуға шақырды, - делінген таратылған хабарламада.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапармен барған болатын. Германияда мемлекет басшысы Ангела Меркельмен кездесіп, Қазақстан президенті мен Германия канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Германия инвесторларына тиімді жеңілдік ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы