Мысырда шаяндардың шабуылынан 500-ден астам адам зардап шеккен

14 Қараша 2021, 12:49
1018
Бөлісу:
Мысырда шаяндардың шабуылынан 500-ден астам адам зардап шеккен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырдың оңтүстігіндегі Асуан провинциясының тұрғындарына шаяндар шабуылдаған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Халед Абд әл-Гаффар хабарлады.

Сенбі күні Асуанда қатты нөсер жауын жауып, салдарынан үйлер қираған. Аймақта сирек кездесетін табиғи апаттан бірнеше провинция шығынға ұшыраған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, нөсер салдарынан буынаяқтылар ұялары зақымданған. Сол себепті олар елді мекендерге жақындай түскен.

Асуандағы 503 азамат шаян шағуына қарсы екпе алды. Шағудан қайтыс болғандар жоқ, – делінген хабарламада.

Шаян шаққан азаматтардың барлығы ауруханадан шығарылды.


Министр елдегі барлық ауруханаларда шаян мен жылан шағуына қарсы антидоттардың стратегиялық қоры жеткілікті екеніне сендірді.
Халед Абд әл-Гаффардың сөзінше, Асуан провинциясының ауруханаларында қазіргі уақытта 3350 антидоттар бар.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі қауіпті ауа райы жағдайларына қарсы тұру жоспары аясында азаматтарға көмек көрсету үшін 2 мыңнан астам жедел жәрдем көлігі мен 48 жол талғамайтын көлік дайындаған.

Өзгелердің жаңалығы