Бас жаңалықтар
Мысырда 12 жастағы қалыңдық пен күйеу жігіттің ата-анасы қамауға алынды
21 Қыркүйек 2021, 13:24 271

Мысырда 12 жастағы қалыңдық пен күйеу жігіттің ата-анасы қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырда тәртіп сақшылары 11 және 12 жастағы балаларын үйлендіргісі келген ата-аналарды ұстады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Ел заңына сәйкес, мысырлықтар 18 жастан бастап үйлене алады.

Балалардың ата-аналары Каир астанасынан 30 шақырым жерде Умм-Хенан ауылында тұрады.

Құқық қорғау органының балаларды қолдау жүйесінің сенім телефонына ер адам қоңырау шалып, «балалардың» үйлену тойы туралы хабарлаған. Ол Facebook-те тойға дайындалып жатқан кәмелетке толмағандардың суреттерін байқап қалған.

Әлеуметтік желідегі фотосуретті зергерлік дүкеннің иесі жариялағаны белгілі болды. Ол жас қалыңдық үшін сатып алынған алтын әшекейлердің суреттерін орналастырған. Бұл әшекейлерді күйеу жігіт үйлену алдында сүйіктісіне ұсынуға міндетті. Әшекейлерді баланың ата-анасы сатып алды, - делінген БАҚ хабарламасында.

Неке қию рәсімі кезінде полиция тексеріспен той өткізіп жатқан үйге келген.

Бұл оқиға Мысыр конституциясының Балаларды қорғау туралы 80-бабына қайшы келеді. Сондай-ақ бұл заң балалар зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған жағдайда мемлекеттің араласуын қарастырады, - деп түсіндірді Ана мен бала мәселелері жөніндегі Ұлттық Кеңестің Бас хатшысы Сахар ас-Санбати.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...