Мысыр экономикасы ай сайын 1 млрд доллардан қағылып жатыр

22 Қыркүйек 2020, 03:38
1996
Бөлісу:
Мысыр экономикасы ай сайын 1 млрд доллардан қағылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Египет билігі әуе рейстерін жандандырғанмен, аймаққа әдетте ағылатын туристердің қарасы аз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Қызыл теңіз жағалауындағы демалушылардың саны бұрынғы көрсеткіштің 10 пайызына тең. Каирдегі Хан эль-Халили сауда орны да жабық тұр.

Айта кетейік, елдің жалпы ішкі өнімінде 15 пайыздық үлесі бар туризм саласындағы қазіргі жағдай аймақ экономикасына ауыр соққы болып тиді. 

Жергілікті биліктің хабарлауынша, коронавирус індеті өршігеннен бері Мысырдың қазынасы ай сайын 1 млрд доллардан қағылып жатыр. Сарапшылар туризм саласындағы шағын және орта бизнес өкілдеріне алдағы қыс айлары оңайға соқпайды деп топшылайды.

Өзгелердің жаңалығы