Мырзатай Жолдасбеков: Арыстағы қайғылы оқиғада торғайдай шырылдаған – журналистеріміз

28 Маусым 2019, 18:24
2449
Бөлісу:
Мырзатай Жолдасбеков: Арыстағы қайғылы оқиғада торғайдай шырылдаған – журналистеріміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Үркер" сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімінде мемлекет жаәне қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың журналистер мәртебесіне байланысты пікір білдірді.

"Жақында президентіміз баспасөз қызметкерлерінің күнін мереке деп тағайындады. Шын жүректен баспасөз қызметкерлерін, журналистерді құттықтаймын. Дендері сау, отбасылары аман болсын. Олардың еңбегі ерлікпен тең. Олардың жүрмейтін, бармайтын жері жоқ. Ең қиын жерлерде жүреді. Сол қиындықтан қорықпайды. Оларды мен батырларға теңеймін. Сондай ұл-қыздарымыздың бәрі бақытты болсын деймін",- деді Жолдасбеков. 

Ол Арыстағы жағдайға байланысты ақпарат таратқан журналистердің еңбегін жоғары бағалады.

"Кешегі өмір ғой, өмір болған соң бәрі болады. Оны Құдай болдырмасын. Арыста болған қайғылы оқиғада торғайдай шырылдаған біздің журналистеріміз. Олар жақсылықты көбірек жазсын. Мен үнемі айтам жігіттерге, сіздер таңертең жұрттың жүрегі үрей ұшып жүргенде неше түрлі қорқынышты хабардан бастайсыңдар. Жақсылықтан бастаңдар, жақсылық жақсылықты шақырады. Сол жағын ескеріңдер. Құтты болсын бәрі. "Үркер"  деген сыйлықты тапсыратын шараға келіп отырмын. Мынау мемлекет дәрежесінде мән беретін мерекені шын мерекеге айналдырып отыр екен. Осыны ұйымдастырып жатқан азаматтарға шын жүрегіммен алғыс айтамын",- деп сөзін түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы