Бас жаңалықтар
Мырзағалиев жылыту маусымын сәтті өткізу үшін не істеу керегін айтты
14 Қыркүйек 2021, 11:00 96

Мырзағалиев жылыту маусымын сәтті өткізу үшін не істеу керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңді сәтті өткізу үшін қандай шараларды қабылдау керегін айтты.

Алдымен электр стансаларындағы, электр желілеріндегі барлық жөндеу жұмысын толық көлемде орындау қажет. Сонымен қатар отын жеткізушілер алдындағы берешекті азайту, коммуналдық қызметті тұтынушылардың жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешегін төмендеду, - деді ол.

Одан бөлек, елді-мекендердің білім беру, денсаулық сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін, әлеуметтік және мәдени сала мекемелерін жылумен жабдықтау жүйесіне уақытылы қосуды қамтамасыз ету керек.

Сонымен қоса еліміздің тіршілік үшін өте маңызды коммуналдық объектілерін, әсіресе денсаулық сақтау объектілерін дербес электрмен жабдықтаудың резервтік көздерімен қамтамасыз ету. Жылыту кезеңінде электр стансаларына, қазандықтарға және өңір халқының қажеттіліктеріне көмір мен мазутты тұрақты жеткізу қажет, - деп түсіндірді Мағзұм Мырзағалиев.

Ол сөз соңында министрлік орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлердің жылыту маусымына дайындығы мен барысын бақылау жұмыстарын одан әрі жалғастыратынын айтты.


Фото: дереккөз
Загрузка...