Министр: Пайдаланушылар жер қойнауын 6,8 трлн теңгеге сатып алғысы келеді

23 Қараша 2021, 09:47
1043
Бөлісу:
Министр: Пайдаланушылар жер қойнауын 6,8 трлн теңгеге сатып алғысы келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында айтты.

Жер қойнауын пайдаланушылардың 2021 жылға арналған сатып алу жоспары 6,8 трлн теңгені көздейді. Ондағы жергілікті қамту үлесінің болжамды көрсеткіші 46,5%-ды құрайды.Тауарлар бойынша жергілікті қамтудың үлесі 19,5%, ал жұмыстар бойынша 51,3% болады деп күтілуде. Қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту 52,3% көрсеткішінде болжанады, - деді Мырзағалиев.

Министр атап өткендей, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемінің шамамен 77% үш ірі операторға тиесілі.

Олар «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» және»Норт Каспиан Оперейтинг Н.В». Сатып алудың қалған 13% "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының және 10% басқа да жер қойнауын пайдаланушылардың үлесінде, - деді ол.

Оның айтуынша, жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қазір отандық тауар өндірушілер келесі тауарлармен толық қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы