Мырзағалиев: Жаңаөзенде 1 мың адам жұмысқа орналастырылады

3 Мамыр 2022, 11:36
1415
Бөлісу:
Мырзағалиев: Жаңаөзенде 1 мың адам жұмысқа орналастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Жаңаөзенде бір мың адам жұмысқа қамтылақ.

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

Мырзағалиевтің айтуынша, «ӨзенМұнайГаз» компаниясының бюджетінде аталған адамдарды жұмысқа орналастыруға қажетті қаражат көзделген .

Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «ҚазМұнайГаз» компаниясы жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс істеп, қолдау көрсетіп жатқанын атап өткім келеді. Осы жылы Жаңаөзенде бір мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 682 адамды «ӨзенМұнайГаздың» қолданыстағы жұмысына орналастыру алгоритмі бойынша қамтысақ, ал 318 адам мердігерлік ұйымдарда қызмет ететін болады, - деді ол «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын жүзеге асыру жөніндегі кеңес кезінде.

Сондай-ақ компания басшысы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге арналған шараларды одан ары жүзеге асыруға әзір екенін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы