Мырзағалиев су үнемдеу үшін қандай шаралар қабылдайтынын айтты

2 Қыркүйек 2021, 10:06
12307
Бөлісу:
Мырзағалиев су үнемдеу үшін қандай шаралар қабылдайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында айтты.

Өткен жылы Түркістан облысындағы «К-19» магистралды каналын цифрландыру бойынша бірінші жоба сәтті жүзеге асырылды. Нәтижесінде 45 пайызға көбірек су жұмсалатыны анықталды. Енді алдағы 5 жыл ішінде ұзындығы 3,3 мың км болатын 212 каналды цифрландыру жоспарымызда бар. Осы іс-шараларды іске асыру 2,2 текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді, - деді ол. 

Мырзағалиев министрлік су үнемдеу технологиясы қолданылатын алаңдарды 2025 жылға қарай 750 мың гектарға дейін жеткізуді ұсынатынын айтты. 

Жалпы республикалық меншікте ұзындығы шамамен 20 000 км болатын 3 298 суару желісі бар. Сол каналдардың 60% немесе 11,9 мың км нашар жағдайда. Бұл суды тасымалдау кезінде орын алатын жоғары шығынның негізгі себебі. Арналарды қалпына келтіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Мәселен, 2019-2020 жылдары 1734 км канал жөнделіп, 111,5 гектар суармалы жер айналымға енгізілді. Биыл жыл соңына дейін 1050 шақырым каналдарды қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл 78 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Мырзағалиев атағандай, 5 жыл ішінде ұзындығы шамамен екіде үш 2,3 мың км болатын кемінде 120 канал қайта жаңартылады.

Бұл 600 мың гектар жерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін алты облыста жалпы көлемі 1,7 млрд.м3 болатын тоғыз 9 жаңа су қойма салынатын болады. Су қоймаларын салу 20 елді мекенде 70 мың адам су тасқыны қаупін азайтуға, 195 мың гектар жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге және ауыл шаруашылығында 20 мың жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Түркістан облысында «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасының құрылысы аяқталды. Қалғандары бойынша технико-экономикалық негіздемелер немесе жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Өзгелердің жаңалығы