Мырзағалиев қалалардағы атмосфераның ластануын төмендететін шаралар туралы айтты

2 Қыркүйек 2021, 09:56
3507
Бөлісу:
Мырзағалиев қалалардағы атмосфераның ластануын төмендететін шаралар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында айтты.

Осы жылы экологиялық мониторингтің нәтижесі бойынша Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезказған, Шымкент қалалары атмосфералық ауаның жоғары ластануымен сипатталып отыр, - деді ол.

Министр шығарындыларды төмендету үшін келесідей шаралар қарастырылып отырғанын айтты.

Экологиялық кодекске сәйкес кәсіпорындар ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҮҚТ) енгізеді. Министрлік пен кәсіпорындардың арасында меморандумдар мен Жол карталарына қол қойылды. Оларға сәйкес кәсіпорындар шығарындыларды жиырма пайыздан (20%) отыз (30%) пайызға дейін қысқартуды жоспарлап отыр, - деді ол.

Министрдің айтуынша, шығарындыларды азайту мақсатында әкімдіктер елді мекендер мен шаруашылық субъектілерін газдандыруды жалғастыру қажет.

Сонымен қатар қоғамдық және коммуналдық көлікті газ және электр көлігіне ауыстыру жұмысын одан әрі жүзеге асыру керек, - деді Мырзағалиев.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Өзгелердің жаңалығы