Энергетика министрі бір айда азық-түлікке қанша теңге жұмсайтынын айтты

18 Қараша 2021, 13:07
746
Бөлісу:
Энергетика министрі бір айда азық-түлікке қанша теңге жұмсайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев азық-түлікке айына шамамен қанша теңге жұмсайтынын айтты.

Біз де қарапайым адамдар сияқты өмір сүреміз. Отбасым басқа отбасылар сияқты ақша жаратады. Әрине 50 мың бір айға жетпейді. Айына азық-түлікке шамамен 200 мың теңге жұмсаймыз, - деді ол.

Айтуынша, 200 мың теңге тек азық-түлікке және балалардың керек-жарақтарына жұмсалады. Сонымен қатар министр дүкендерге өзі баратынын айтты.

Сонымен қатар министр журналистердің «министрліктің жаңажылдық кеші өте ме?» деген сұрағына жауап берді.

Ұжым отырысын өткізу жоспарланып отырған жоқ, - деді Мырзағалиев Сенат кулуарында.

Ал Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің отбасы шамамен 50 мың теңге жұмсайды.

Өзгелердің жаңалығы