Мырзағалиев геологиялық барлау бағдарламасының 7 міндетін атады

18 Ақпан 2020, 10:53
2344
Бөлісу:
Мырзағалиев геологиялық барлау бағдарламасының 7 міндетін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Міндеттердің қатарында геология саласының инфрақұрылымын дамыту, саланы цифрландыру бар. Үкіметтің кезекті отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасының басты міндеттерін атады.


Республикада қоры тәулігі 43 млн шаршы куб болатын жерасты суларының төрт мыңға жуық кен орындары бар. Елдімекендерді сапалы ауызсумен және ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін геологиялық зерттеу жұмыстарының көлемін ұлғайту қажет.

Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі мақсаты – еліміздің миниралдық шикізат базасын дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тұрақты толықтырылуына жағдай жасау. Бағдарламада негізгі 7 міндет белгіленді.
Бірінші Қазақстан аумағының геологиялық зерттеу дәрежесін арттыру; Бұл үшін геологиялық барлаудың дәстүрлі әдістерімен қатар терең қабаттарда орналасқан кен объектілерін анықтауға мүмкіндік беретін геофизикалық зерттеулердің жаңа озық түрлері мен жерді қашықтықтан фронттау қолданылатын болады. Екінші міндет – минералды шикізат базасын толықтыру, яғни пайдалы қазбалар қорының өсімін ұлғайту. Үшіншісі – ғылыми зерттеумен қамтамасыз ету. Төртіншісі – саланы ақпараттандыру және цифрландыру. Бесіншісі геология саласының инфрақұрылымын дамыту. Алты - кадрлармен қамтамасыз ету. Жетіншісі – ел тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз ету. Аталған міндеттерді шешу үшін арнайы шаралар іске асырылмақ, - деді Мырзағалиев баяндамасында.
Еске сала кетейік, осыған дейін министр Қызылорда облысында мұнай өндіру көлемі төмендегенін айтқан болатын. Ол шетелдік инвесторлар Каспий маңын зерттеуге ақша құюға дайын екенін де айтты. Елімізде 76 млрд тонна мұнай-газ ресурстары болуы мүмкін. Үкімет отырысында Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін шетелдік 17 млрд теңге инвестиция тартылғаны туралы да айтылды.






Өзгелердің жаңалығы