Мың жас маман еңбек тәжірибесінен өтеді

29 Сәуір 2019, 16:09
1824
Бөлісу:
Мың жас маман еңбек тәжірибесінен өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас мамандарға бастапқы жұмыс тәжірибесін өту мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Бұл жоба жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері арасында өте танымал. Мәселен, өткен жылы 836 түлек тәжірибеден өткен болса, биыл 1 мың адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығында 220 жұмыс берушімен жастар тәжірибесін ұйымдастыруға келісімшарт жасалды. Қаңтар айынан бастап жастар тәжірибесіне 189 түлек жіберілді», – деді Орталықтың  бөлім басшысы Наталья Борисова.

Ол тәжірибенің 6 айға созылатындығын айтты. Жұмыстың әр айы үшін жобаға қатысушыға 81 345 теңге көлемінде жалақы төленеді. Әдетте, осы кезеңде өздерін жақсы көрсететін жастарды жұмыс берушілер штатқа алады. Өткен жылы аталмыш жобаға қатысушылардың 50% тәжірибеден өту орны бойынша жұмысқа орналасты.    

«Жобаға қатысушы оқуын ең көп дегенде үш жыл бұрын тәмамдауы, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Сондай-ақ, жасы 29 жастан аспауы керек», - деді Наталья Борисова. 

Өзгелердің жаңалығы