Дәстүрлі музыка фестивалі Қостанайда жалғасты

13 Сәуір 2019, 12:18
3921
Бөлісу:
Дәстүрлі музыка фестивалі Қостанайда жалғасты
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай барлық өңірде өтіп жатқан «Ұлы Даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі Қостанайда жалғасты. Өнерпаздарды сахна төріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов бастап шықты.

 Ұлттық музыка думаны Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында өтті. Фестивальдің ашылуында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысы Ерлан Қалмақов құттықтау сөз сөйлеп, Тобыл өңіріне өнер сапарымен алғаш рет табан тіреген жыршы Алмас Алматовтың иығына шапан жапты.

Дәстүрлі музыка фестивалі Қостанайда жалғасты

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Алмат Досмұхамедов қатысушыларға сәттілік тілеп, фестивальді ашып берді.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлттық мәдениетімізді кеңінен насихаттауға бағытталған. «Nur Otan» партиясы аталған мақалада көрсетілген идеялар мен құндылықтарды дәріптеуге арналған игі істерді қолдауды жалғастыруда. Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, «Ұлы Даланың көне сарындары» фестивалін өткізуді қолға алды. Фестивальдің танымалдығы артуына қолдау көрсеткен өнер иелеріне партия басшылығы атынан алғыс білдіреміз», - деді Алмат Досмұхамедов.

Дәстүрлі музыка фестивалі Қостанайда жалғасты

Фестивальде көрермендер Алма Алматов, Манапбек Кәдіров, Ерлан Рысқали, Шолпан Дәржанова, Гүлмира Сарина, Жәкен Омаров, Талғат Молдағалиев, Батыржан Мықтыбаев, Қыдырбек Қиысхан, Мұрат Хамитов, Ыбырай Есжанов, Айжан Санай сынды өнерпаздардың орындауында Сыр, Жетісу, Арқа, Алтай, Маңғыстау, Қаратау мақамдарын тыңдап, жыр-термелердегі ғибрат-насихаттармен сусындады.

Дәстүрлі музыка фестивалі Қостанайда жалғасты

«ХХ жүзжылдықтың зор ғұламасы, француз дәстүршілі Рене Генонның пікірінше, жер бетіндегі музыка мен поэзия тек көшпенділер мәдениетінде ғана биікке көтерілген. Осындай тумысы текті, тұғыры биік, тамыры терең дәстүрлі музыканың бір мұрагері – қазақ елі. Ата-баба аманаты – қазақтың әні мен күйінің, жыр-толғауының қанаты талмасын!», - деді өнер кешін қорытындылаған жыршы Алмас Алматов.


Өзгелердің жаңалығы