Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы. Қарағандылық бүлдіршіндер музей-сабаққа қатысты

30 Қараша 2019, 17:04
8032
Бөлісу:
Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы. Қарағандылық бүлдіршіндер музей-сабаққа қатысты
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Тұңғыш президент күніне орай мектеп оқушалырының қатысуымен ашық сабақтар өткізілді.

f5362abc-76e2-4048-98e0-393ff6e24fd0.JPG
Қараша айының 20-нан 30-аралағында біздің мұражайда Елбасы күнін мерекелеуге орай музей-сабақ өтіп, оған қаламыздың кішкентай бүлдіршіндері мен қатар студенттері де қатысты. Мұражай қызметкерлері ашық сабақтарға музей қорынан түпнұсқа жұмыстар мен қоса Тұңғыш президент мұражайы сыйға тартқан Елбасының жеке фотографының жұмыстарын ұсынды. Сабақтың көрнекілік құралы ретінде презентациялар, бейне жазбалар пайдаланылды, - дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Назерке Жартын.

Қазақстанның Тұңғыш президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің дамуына қосқан үлесін жастарға айту, Елбасының еңбегін дәріптеп, ұлықтау мақсатында облыстық бейнелеу өнері мұражайында ұйымдастырылған шараға қаламыздың мектеп оқушылары мен қатар колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттері де белсене қатысқан.

IMG_7870.jpg

Әсіресе, №82, 34, 50 мектептердің, Қарағанды сервис колледжі мен Көпсалалы гуманитарлық колледжінің, Қарағанды экономикалық университетінің қазақ-орыс топтары белсене атсалысты. Мұражайдағы сабаққа тарих, әдебиет пәндерінің мұғалімдері мектеп оқушыларын әкеліп, музей қабырғасында сабақ өткізді. Екі апта бойы қазақ және орыс тілдерінде ашық сабақтар өткізіп, балалардың танымын кеңейтуга атсалыстық, - дейді мұражай қызметкері.

IMG_7960.jpg

Музейдегі ерекше сабақтарға қатысушылардың бірі Жазира Аятбекова қазақ елінің алғашқы президенті жайлы көп мағлұматтар білгендігін айтады.

IMG_8239.jpg

Сабақ өте қызықты өтті. Біз Тұңғыш президенттің суреттерін, бейне жазбаларын көру арқылы, ұлы тұлғаның еліміз үшін жасаған ерлікке парапар істерін сезіндік. 1 желтоқсан күні халқымыздың бұл мерекені не себепті ерекше тойлайтындығын түсініп, Елбасыға деген құрметіміз одан әрі артты, - дейді №50 мектептің оқушысы.
IMG_8259.jpg
Өзгелердің жаңалығы