Музейге келушілер анимациялық фильмдерді де тамашалай алады

30 Мамыр 2019, 10:55
4558
Бөлісу:
Музейге келушілер анимациялық фильмдерді де тамашалай алады
PHOTO

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құжыра бөлмесінде «Қазақфильм» және «Оңтүстікфильм» киностудиялары түсірген деректі және анимациялық фильмдер зияратшылар мен туристерге тұрақты түрде көрсетіліп келеді. 

Бұл шағын кинозал кесенеге келген зияратшылар мен киелі шаһар Түркістанды тамашалауға келген туристердің, оқушылар мен басқа да көпшіліктің фильм тамашалайтын әрі демалып шығатын орнына айналып үлгерген.

Музейге келушілер анимациялық фильмдерді де тамашалай алады

2016 жылдан бастау алған бастама аясында Түркістанға қатысты деректі фильмдер тамашаланса, 2018-2019 жылдары «Алмас қылыш», «Көшпенділер», «Жаужүрек 1000 бала» көркем фильмдері мен «Оңтүстікфильм» мекемесі мен «САҚ» киностудиясы бірлесіп түсірген анимациялық «Күлтегін», «Мұзбалақ», «Көне құмыраның сыры», «Қажымұқан», «Қазақ Елі», «Отырарды қорғау», «Түркістан», «Оқсыз» деректі және анимациялық фильмдерін тамашалауда.

Музейге келушілер анимациялық фильмдерді де тамашалай алады

«Тарихи кинолар нағыз патриотизмге апаратын идеологиялық құрал екені рас. Бұл туралы Елбасымыз да өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тарихи фильмдер түсіру керек деп айтып кетті. Қожа Ахмет Яссауи туралы сериал жасау жөніндегі ұсынысымыздың тоқтап тұрғаны өкінішті», - деді «Оңтүстікфильм» компаниясының директоры, «САҚ» киностудиясының режиссер-сценарисі Батырхан Дауренбеков.

Музейге келушілер анимациялық фильмдерді де тамашалай алады

Айта кетейік, Елбасы Н.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» жобасы негізінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген қазақтың хан-сұлтандары мен би-абыздары, батырлары мен игі жақсыларының тізімі цифрлы форматта үш тілде әзірленсе, кесене ішінде 2 ақпаратты киоск, шағын кинозал, 3D тур қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің жаңартылған ресми сайтының мобильді қосымшасы да іске қосылған.

«Бұл фильмдерді көрсету тек балаларға ғана емес ересектерге де қызықты. Алыс-жақын жерден келген қонақтар бір сәт демалып, фильмдерімізге де көз жүгіртеді. Күніне орта есеппен 200-300- дей келуші Құжыра бөлмесіне бас сұғады. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне келіп жатқандар жәдігерлермен қатар тарихи фильмдерді де тамашалап, алғысын білдіруде. Тарихи тағылымы мол бұл істің берер тәрбиесі мол», - дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков.

Өзгелердің жаңалығы