«Мұзбалақ» анимациялық фильмі Германиядан жүлдемен оралды

14 Қазан 2019, 16:50
2485
Бөлісу:
«Мұзбалақ» анимациялық фильмі Германиядан жүлдемен оралды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Schlingel халықаралық фестиваліне биыл 52 елден келген 233 фильм көрсетілді, деп хабарлады Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ  баспасөз қызметі.

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі үстіміздегі жылы қазанның 7-і мен 13-і аралығында Германияның Хемниц қаласында өткен XXIV Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған Schlingel кинофестивалінде Германияның анимациялық фильмдер институты (DIAF) тағайындаған «Үздік анимациялық фильм» жүлдесімен марапатталды.     

01.jpg

Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениеті туралы сыр шертетін «Мұзбалақ» анимациялық фильмі бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. Режиссерлері –Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы.  

«2D анимациясының таң қалдырарлық үлгісі. Disney және Pixar анимациялық кеңістігінен тыс жерде жасалған нағыз жаңалық», - делінген хабарламада. 

Schlingel халықаралық фестивалін Германияның балалар мен жасөспірімдер жөніндегі Саксон қызметі ұйымдастырған. Биыл бұл байқауда 52 елден келген 233 балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер көрсетілді.  

03 (1).jpeg

«Көз майын тауысып жасаған туындымыз Еуропадағы ірі фестивальде үздік деп танылып жатқанына қуаныштымыз. Бұл фильм ұлттық бояуы қанық, қазақтың болмысын көрсететін туынды, сондықтан да шетелдіктерге қызықты болды деп ойлаймын. Осы орайда, бізге қолдау көрсетіп, осы фильмнің шығуына себепкер болған Мәдениет және спорт министрлігіне, «Қазақфильм» киностудиясына алғысымызды білдіреміз. Осындай жеңістер көп болып, «Мұзбалақ» баршамызды қуанта берсін», - деді фильмнің режиссері Тұрдыбек Майдан.  

Приз-01.jpg

Естеріңізге сала кетсек, былтыр «Мұзбалақ» фильмі Қазақстанның кинематографистер одағы тағайындаған «Құлагер» сыйлығы – «Үздік анимациялық фильм» жүлдесімен марапатталған. Сонымен қатар, анимациялық туынды Ресейде өткен XVII Халықаралық «Алау рухы» («Дух огня») атты дебюттік фильмдер кинофестивалінің жасөспірімдер мен балаларға арналған байқауына және Чехияның Злин қаласында өткен 59-шы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Панорама» фестивалінің конкурстан тыс бағдарламасына қатысты. Одан бөлек, бұл фильм Ресейде өткен 14 Халықаралық «Отбасымен бірге» фестивалінде арнайы жүлдеге қол жеткізді.

Приз.jpg

Өзгелердің жаңалығы