Muslim.kz порталы "Мәуліт Challenge" эстафетасын жариялады

13 Қараша 2019, 20:15
1863
Бөлісу:
Muslim.kz порталы "Мәуліт Challenge" эстафетасын жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін жаңғырту мақсатында Muslim.kz порталы "Мәуліт Challenge" атты игі істер эстафетасын жариялады.

Эстафета шарттары мынадай: 

1 минуттан аспайтын видео түсірілім жасайсыз;

Оның мазмұны кез келген бір игі ісіңізді баяндауы қажет;

Жасаған амалыңыздың сауабын Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арнауыңыз қажет;

Видеода "Мен «Мәуліт Challenge" игі істер эстафетасына қосыламын" деп міндетті түрде айтуыңыз қажет;

Сондай-ақ, видео астына #МәулітChallenge хэштегін жазып, @aziretsultanmosque және @_muslim.kz_ парақшасын белгілеуіңіз қажет;

Бұдан бөлек, Инстаграм желісіндегі @aziretsultanmosque және @_muslim.kz_ парақшасына жазылуыңыз міндетті.

Байқауда ең көп лайк пен пікір жинаған қатысушылар әділқазылардың шешімі бойынша ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

1 орын – 100 000 тг.

2 орын – 70 000 тг.

3 орын – 50 000 тг.

Сондай-ақ алғашқы жиырмалыққа кірген қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болады. Эстафета 23 қарашаға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы