Мусиннің мониторингі: Көші-қонға қызмет көрсететін 8 терезенің біреуі ғана істеп тұр

19 Наурыз 2021, 20:31
1069
Бөлісу:
Мусиннің мониторингі: Көші-қонға қызмет көрсететін 8 терезенің біреуі ғана істеп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ескертусіз Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО-на барды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

ХҚКО-ды «құпия сатып алушы» ретінде уақыт арасында тексеруді жалғастырудамын. Бүгін ескертусіз Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО-на бардым. Мен келушілермен сөйлестім және 2 мәселеге назар аудардым. Біріншіден, түбіртектерді төлеу барысындағы өте қымбат комиссиялар! Біз Kaspi-мен бірге QR-кодтар бойынша төлем жүйесін біріктіру арқылы бір қадам жасадық. Келесі қадам - ХҚКО-да оператор «адами» комиссиялар үшін қызмет көрсетуге дайын екінші деңгейдегі банктер болуы үшін конкурс ойнату болып табылады. Ағымдағы кезеңде болып жатқан жағдай - бұл нағыз халықтың ақшасын сыпырып алу: 450-ден 3000 теңгеге дейін тек комиссия! Мәселені шілде айының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде шешу міндетін қойдым - деп деп жазды ол.

Ол екінші мәселе көші-қонға қатысты екенін айтты.

Екіншіден, ауқымды көші-қон ағындары. Олар ХҚКО-ға барған кезде көпшіліктің жиналуына әкеледі. Бұл ретте, бір ғана терезе жұмыс істейді. Біз проблеманы шешу мақсатында қай уақытта көп немесе аз келуін анықтаймыз. ІІМ-мен бірлесіп мәселені пысықтаймыз, қазірдің өзінде вице-министрмен хабарласып, бірлесіп жұмыс істеуге келістік. 8 терезеде көші-қонумен айналысатын қызметкер қабылдауы керек, ал ол 13:00-ден бастап 16:00-ге дейін болған жоқ! Бұл туралы ІІМ әріптестеріне хабарладым. ХҚКО-лар, өз кезегінде, еңбек көшіп-қонушыларына ауқымды ағымдарды ескере отырып, қызмет көрсету үшін қосымша терезелер ұйымдастыруы керек - деді министр.

Сонымен қатар ол Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО-лары флагман болуға тиіс деген ойда.

Мұндай сапарлар әрдайым хабардар болуға және жағдайды бақылауға көмектеседі. Қазір Мемлекеттік корпорацияның «кадр резервіне» конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын ескертемін. «Кадр резервіне» іріктелгендердің ішінен ХҚКО басшылары іріктелетін болады - деді Бағдат Мусин.
Өзгелердің жаңалығы