Президент: Консорциум — шетелдік инвесторлармен ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыздың символы
16 Қараша 2021, 11:53 81

Президент: Консорциум — шетелдік инвесторлармен ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыздың символы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыр желісі консорциумының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты шара кезінде айтты.

Каспий құбыр желісі консорциумының ширек ғасырлық мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның маңызы зор. Консорциум шетелдік инвесторлармен ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыздың символына айналды, - деді Тоқаев.

Жобаны Қазақстан мен Ресей және батыстық негізгі компаниялар бірлесе жүзеге асырды. Соның арқасында мұнай тасымалы саласындағы серіктестігі нығая түсті.

Бүгінде құбыр желісі тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұған осы сала қызметкерлері орасан зор үлес қосып келеді. Каспий құбыр желісі консорциумының ұжымына, ардагерлері және акционерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға бақ-береке, толағай табыс тілеймін, - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде мерейтоймен құттықтап, компанияның барлық қызметкері мен ардагеріне мемлекеттік награда табыс етті.


Фото: дереккөз
Загрузка...