Бас жаңалықтар
«Мұнайшы» стадионы жаңартылуда
28 Мамыр 2019, 21:49 581

«Мұнайшы» стадионы жаңартылуда

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраудағы «Мұнайшы» орталық стадионындағы жөндеу жұмыстары аяқтап қалды. Алаңға соңғы технологиямен жасалған жасанды көгал төселуде. 

Көлемі қазір 7 700 шаршы метрге дейін ұлғайтылған. Бұл УЕФА талаптарына толықтай сәйкес келеді екен. Стадионның салтанатты түрде ашылу рәсімі 19-шы маусымға жоспарланып отыр. Осы күні жергілікті футбол командасы шымкенттік «Ордабасы» ойыншыларын қабылдайтын болады. Бұрын атыраулық команда өз ойындарын елордадағы стадионда өткізіп жүрген еді. Енді көп ұзамай жеріне ойнайды. 

« Атыраулық футбол жанкүйерлері финалға жолдама алуға мүмкіндік беретін тартысты ойынды алысқа бармай-ақ, өз қаламызда отырып тамашалайтын болады. «Мұнайшының» жөндеу жұмыстары аяқталып, ашылған соң, «Балықшы» ықшамауданындағы орталық стадионды жаңартуды қолға аламыз»,- дейді Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов. 

Стадиондағы ескі көгалды жаңасына ауыстыру жұмыстары биылғы жылдың наурыз айында басталған. Оған жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі қаржылай қолдау көрсеткен.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық