Бас жаңалықтар
Мұнайлыдағы құс фабрикасы жылына 150 тонна ет өнімін шығарады – Маңғыстау облысы
25 Ақпан 2021, 01:28 275

Мұнайлыдағы құс фабрикасы жылына 150 тонна ет өнімін шығарады – Маңғыстау облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылындағы «Тұман-Шах» құс өндіру фабрикасы 1 жылда 150 тонна құс етін шығарады. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Халыққа қолжетімді бағада құс етін ұсыну мақсатында 2014 жылы «Тұман-Шах» фабрикасы ашылған.

7 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Бүгінде фабрикада 20 ға жуық қызметкер бар. Құс етін халыққа қолжетімді бағада ұсыну мақсатында «Тұман-Шах» ЖШС өз қаражатымызбен іске қостық. Қазір бұл құс фабрикасында 2 блок бар. Әр блокта 2000 мың дана құс бар. Алдымен Алматы облысынан жұмыртқаларды сатып аламыз. Содан соң инкубатор жүйесімен балапан өсіріп жетілдіреміз деді, – кәсіпкер Қуан Бурбасов.

Айта кетейік, соңғы жылдары отандық өнімге көрші елдерден де сұраныс бар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...