Оралда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған қылмыстық топқа үкім шығарылды

21 Қыркүйек 2019, 11:16
1967
Бөлісу:
Оралда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған қылмыстық топқа үкім шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 12 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесіне үкім шығарды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Барлық алты айыпталушы (К. Намазбаев, Ж. Қайырбаев, Т. Қалиев, А. Балтұрманов, Н. Кенженов және Б. Жақатаев) ҚР ҚК 197, 216, 244, 245, 262-баптары (мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау, азаматтың салық төлеуден жалтаруы, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) бойынша қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі жазалау мерзіміне үкім шығарылды.

"Қылмыстық топ қатысушыларынан битумды заңсыз сатудан түскен 3,9 млрд теңге сомасын және 5 жүк автомашинасын тәркілеу туралы шешім қабылданды", - делінген ҰҚК хабарламасында. 

Бұрын хабарланғандай, 2017 жылдың қыркүйегінде ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін заңсыз әкелуге қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізген болатын.

Өзгелердің жаңалығы