Мұнай өндіру зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

8 Қаңтар 2022, 19:17
2181
Бөлісу:
Мұнай өндіру зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның қауіпсіздік жағдайлары тұрақты аудандары мен қалаларында жанар-жағармай станциялары жұмыс істей бастайды. 

Жанар-жағармай және сұйытылған газды жеткізу тұрақтандырылды. Мұнай өндіру зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Сұйытылған мұнай газына шекті бөлшек баға бекітілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 6 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 180 күнге Қазақстан Республикасы аумағында автогаз құю станцияларында автокөліктерге құятын сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек бағасын (қосымша құн салығын есепке алғанда) мынадай деңгейде бекітті.

Тауарлық нарықтың географиялық шекарасы 

Алыс аудандарды алып тастағанда шекті бөлшек баға, теңге 1 литрге 

Облыс орталығынан алыс аудандар үшін (200 (екі жүз) шақырымнан көп) шекті бөлшек баға, теңге 1 литрге 

 

Нұр-Сұлтан қ. 

70

-

Алматы қ. 

65

-

Ақтөбе облысы 

50

55

Атырау облысы 

50

55

Ақмола облысы 

70

75

Алматы облысы 

70

75

Шығыс Қазақстан облысы  

60

65

Жамбыл облысы 

60

65

Батыс Қазақстан облысы 

60

65

Қостанай облысы 

70

75

Қызылорда облысы 

60

65

Қарағанды облысы 

70

75

Маңғыстау облысы 

50

55

Павлодар облысы 

70

75

Солтүстік Қазақстан облысы 

70

75

Түркістан облысы 

60

65

Шымкент қ. 

60

-

Қазақстан Республикасында енгізілген төтенше жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі  ел аумағында автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газын сату кезінде жоғарыда көрсетілген СМГ-ның бекітілген шекті бағаларын басшылыққа алу жөн екенін хабарлайды.  

Қысқа мерзімдерде министрлік Сұйытылған газдың сауда саттығын ұйымдастыру қағидаларына қажетті түзетулер енгізетін болады және Министрлік реттейтін шекті көтерме баға (ҚҚС-сыз тоннасына 38 701,67 теңге) бойынша ағымдағы жылдың шілдесіне дейін электрондық сауда алаңдарынан тыс ішкі нарыққа СМГ-ны жеткізу жоспарын уақытша қалыптастыру туралы шешім қабылданды, ол қажет болған жағдайда белгіленген бөлшек сауда бағасына сәйкес келуі үшін өзгертілуі мүмкін. Тиісті беру жоспарлары нарық субъектілеріне қысқа мерзімдерде жеткізілетін болады. 

Нарық субъектілері СМГ-ны бекітілген шекті баға бойынша үздіксіз өткізуді қамтамасыз етуі қажет. Қалалар мен облыс әкімдіктері өңірлерде СМГ айналымын бақылауға алсын. 

Өндіруші зауыттар мен ресурс ұстаушылар сатып алушылармен 2022 жылғы қаңтарға беру жоспары бойынша сатып алынған СМГ көлемдерінің құнын және СМГ көлемдерінің барлық қолда бар қалдықтарын, оның ішінде СМГ-ны келесі айларда сатып алу кезінде алынған ақша қаражатын қайта бөлу немесе министрлік бекіткен СМГ шекті көтерме бағасынан тыс сатып алушыларға (өндіруші зауыттар мен ресурс ұстаушылардың келісімі бойынша) ақша қаражатын қайтару арқылы өтеу туралы шарт жасасуы қажет.

Қабылданған шешімдер бағаларды шектеуге және сұйытылған газды жеткізуде іркілістердің болдырмауына мүмкіндік береді. 

Өзгелердің жаңалығы