Бас жаңалықтар
Мұнай өндірісінің қысқаруы кен өндіру өнеркәсібін төмендеткен
12 Қаңтар 2021, 10:05 38

Мұнай өндірісінің қысқаруы кен өндіру өнеркәсібін төмендеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОПЕК+ келісімінің шеңберінде мұнай өндірісінің қысқаруы салдарынан кен өндіру өнеркәсібі 3,7%-ке төмендеді. Бұл туралы бүгін  елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылғы қорытындысына арналған Үкіметтің онлайн отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Оның айтуынша елдің сыртқы сауда айналымында оң динамика байқалады. 

2020 жылғы 11 айда сыртқы сауда айналымы 77,7 млрд. долларды, оның ішінде экспорт 43,4 млрд. Долларды құрады. Әлемнің 117 еліне Қазақстан тауарларының 3 183 дайын, өңделген түрлері (СЭҚТН 6 түрібойынша) экспортталды. Импорт 34,4 млрд. Долларды құрады. Осылайша, 9 млрд. доллар деңгейінде оң сауда балансы қамтамасыз етілді, - деді Ұлттық экономика министрі.

Оның айтуынша, өнеркәсіп бойынша да серпін байқалады. 

2020 жылы өңдеу өнеркәсібі озық өсу көрсетті. Өңдеудің өсу қарқыны 3,9%-ке дейін жеделдеді. Бұл ретте, ОПЕК+ келісімінің шеңберінде мұнай өндірісінің қысқаруы салдарынан кен өндіру өнеркәсібі 3,7%-ке төмендеді, – деді ол.

Министрдің айтуынша, нәтижесінде, жалпы өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,3%-ті құрады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...