Мұнай экспортының кедендік баж салығы неге Ұлттық қорға емес, бюджетке түседі?

15 Маусым 2021, 16:54
2437
Бөлісу:
Мұнай экспортының кедендік баж салығы неге Ұлттық қорға емес, бюджетке түседі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді.

Оның айтуынша, мұнайдың экспорттық кедендік баж салығы республикалық бюджетке келіп түсетін салықтардың бірі.

Бұл механизм неліктен солай жүзеге асырады дегенге келер болсақ, кезінде мұнайға қатысты келісімшарттарды қарастырған кезде ірі мұнай компанияларының барлық салықтарын оның ішінде корпоративтік табыс салығы, пайдалы қазбалар салығы, өзге де кірістерін арнайы ұлттық қорға жинақтау саясаты қалыптасып, заңмен бекітілген. Алайда экспорттық кедендік баж салығы кейіннен пайда болғандықтан және кәсіпорындарға қосымша жүктеме ретінде енгізілгендіктен оның төлемдері республикалық бюджетке келіп түседі. Оның республикалық бюджеттегі үлесі айтарлықтай үлкен емес және оның дәл осы бюджетке түскенін дұрыс деп санаймыз, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдында өткен жылдың қорытындыларымен таныстыруға арналған есептік кездесуін өткізген болатын.

Өзгелердің жаңалығы