Бас жаңалықтар
ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға 1,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
16 Мамыр 2019, 09:13 135

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға 1,8 млрд теңге жәрдемақы төленді

ШҚО, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысы Болат Сәтековтың хабарлауынша, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 40 мың адамнан асады.

Нақтырақ айтсақ, өткен сәуір айында осындай санаттағы 40 814 адамға республикалық бюджет қаржысы есебінен 1,8 миллиард теңге мөлшерінде жәрдемақы төленген.

«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары бойынша мүгедек болып танылған, қолдарында мүгедектігін растайтын анықтамасы бар азаматтар мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы. Жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына, ауру себептеріне және «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асырушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар» туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №126-І заңына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшеріне байланыстырылған тиісті коэффициенттерге байланысты болып келеді», - дейді Болат Кәлімұлы.

Жауапты тұлғаның айтуынша, әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңына сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде жүзеге асырылатын көрінеді. Қазақстан Республикасының «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 698 теңгені құрады. Аталмыш көрсеткіштің артуына байланысты жыл басында әлеуметтік жәрдемақылардың да мөлшері өскен.

Атап айтсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «жалпы ауру», «еңбекте мертігу», «кәсіби аурулар» мүгедектік себебі бойынша бірінші топтағы мүгедек адамға төленетін жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,92 мөлшеріне тең. Ол 2018 жылы — 54 306 теңгені құраса, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап мөлшері арттырылып, 57 021 теңгені (1,92 х 29 698) құрады.

«Жалпы ауру», «еңбекте мертігу», «кәсіби аурулар» мүгедектік себебі бойынша екінші топтағы мүгедек адамға төленетін жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,53 мөлшеріне тең. Ол 2018 жылы — 43 275 теңгені құраса, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап мөлшері арттырылып, 45 438 теңгені (1,53 х 29 698) құрады.

«Жалпы ауру», «еңбекте мертігу», «кәсіби аурулар» мүгедектік себебі бойынша үшінші топтағы мүгедек адамға төленетін жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,04 мөлшеріне тең. Ол 2018 жылы — 29 416 теңгені құраса, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап мөлшері арттырылып, 30 886 теңгені (1,04 х 29 698) құрады.

«Ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан» мүгедектік себебі бойынша бірінші топтағы мүгедек адамға төленетін жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2,81 мөлшеріне тең. Ол 2018 жылы — 79 479 теңгені құраса, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап мөлшері арттырылып, 83 452 теңгені (2,81 х 29 698) құрады.

«Ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан» мүгедектік себебі бойынша екінші топтағы мүгедек адамға төленетін жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2,4 мөлшеріне тең. Ол 2018 жылы — 67 882 теңгені құраса, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап мөлшері арттырылып, 71 276 теңгені (2,4 х 29 698) құрады.

«Ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан» мүгедектік себебі бойынша үшінші топтағы мүгедек адамға төленетін жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2,01 мөлшеріне тең. Ол 2018 жылы — 56 851 теңгені құраса, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап мөлшері арттырылып, 59 693 теңгені (2,01 х 29 698) құрады.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық