Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға 20 мың теңгеден берілуде

31 Мамыр 2019, 09:27
2246
Бөлісу:
Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға 20 мың теңгеден берілуде
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында бұл көмек үшін бюджеттен 36 млн теңге бөлінген. Мұндай біржолғы әлеуметтік көмек халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылуда. 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың әрқайсысына 20 мың теңгеден беріледі.

Бүгінге дейін 18-ге жасқа толмаған 1615 баланың есепшотына 20 мың теңгеден аударылған. Бұрын біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 5000 теңге берілетін болса, 2017-ші жылдан бастап оның көлемі 20 000 теңгеге дейін көбейген. Дәл осындай біржолғы әлеуметтік көмек қазан айында аталып өтетін Дүниежүзілік мүгедектер күніне орай, жасы 18-ден асқан мүмкіндігі шектеулі жандарға да беріледі. Олардың саны Атырау қаласы бойынша 8,5 мыңнан асады екен. 

«Балаларды қорғау мерекесі қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға біржолғы әлеуметтік көмек төленеді. Біздің бөлімде балалар туралы мәлімет болғанымен, оларға ақша аударатын есепшоттары болмай тұр. Соған байланысты ата-аналарды келіп, жолығуын сұраймыз. Біздің мамандар мекенжайы арқылы барғанымен, үйлері жабық, байланыс жасай алмай жатыр. Осының салдарынан 180-ге жуық балаға көмек бере алмай отырмыз. Ал мұндай көмекті бұрыннан алып жүрген ата-аналар мұнымен хабардар. Сонымен қатар, бұл біржолғы әлеуметтік көмек 1 маусымға дейін мүгедектік тағайындалғандарға төленеді», - деді Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Анар Жеңісова.


Өзгелердің жаңалығы