Мұқтаж отбасыларға 18 тонна көмір таратылды

2 Қараша 2020, 14:37
1422
Бөлісу:
Мұқтаж отбасыларға 18 тонна көмір таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласы имамдарының ұйымдастыруымен маусымдық қайырымдылық шарасы өтті, деп жазды muftyat.kz.

Дін қызметкерлері жылдағы жоспардан жаңылмай, тұрмысы өте төмен отбасыларды қыстық отынмен қамтамасыз етуге кірісті. Қала табиғи газбен түгел қамтылмағандықтан, көмірге зәрулік бар.

Биыл қатты отынның тоннасы 17000-18 000 теңгеге бағаланып отыр. «Асыл мұра» қоғамдық қорының көмегімен 360 мың теңгеге 18 тонна сатып алынды. 50 мұқтаж отбасыға 10 қаптан таратылды.

Өзгелердің жаңалығы