Бас жаңалықтар
Мұхтар Тілеуберді Еуропалық одақ Елшісін қабылдады
09 Шілде 2021, 22:34 641

Мұхтар Тілеуберді Еуропалық одақ Елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елдегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Свен-Олов Карлссонмен кездесті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Министр ЕО Өкілдігінің басшысына Қазақстан мен ЕО арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді, соның ішінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қатынастарды нығайтуды талқылады.

2018 жылы Қазақстан Республикасындағы Еуропалық одақ Өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалған сәттен бастап С.Карлссон Нұр-Сұлтан мен Брюссель арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ «Орталық Азия - Еуропалық Одақ» форматы шеңберіндегі өңіраралық диалогты нығайту және дамыту жөніндегі жобаларға белсенді түрде тартылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...