Бас жаңалықтар
ШҚО-да мүгедектің балдағын тартып алған адамға 5 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін
19 Шілде 2019, 10:34 190

ШҚО-да мүгедектің балдағын тартып алған адамға 5 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында мүмкіндігі шектеулі жанның қолынан балдағын тартып алып қашқан күдікті ұсталды. Бұл туралы Алтайньюс жазды.

Жәбірленуші полицияға шағымданған соң, артынша тәртіп сақшылары істің ізін суытпай қылмыскерді қолға түсірген.

"Қазір ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Қылмыскер бұған дейін де бірнеше рет сотты болған. Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", – деп атап өтті ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аталған бап бойынша істі болған азаматқа 2000 АЕК, яғни кемінде 5 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегіледі. 


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық