Мүгедектігі бар мемқызметшілер тиімді онлайн коммуникацияларға үйренеді

17 Маусым 2020, 19:20
1182
Бөлісу:
Мүгедектігі бар мемқызметшілер тиімді онлайн коммуникацияларға үйренеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның орталық және жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істейтін 1000 мемлекеттік қызметші қашықтағы жұмыс жағдайында тиімділікті жақсарту үшін цифрлық және коммуникациялық дағдыларды дамытуға оқытылады. 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасы бойынша оқуға мүгедектігі бар  342 мемлекеттік қызметші қатысады.
Бұл бастама мүгедек жандардың мемлекеттік қызметке қосылуын арттыру және олардың мансаптық өсуіне тең мүмкіндіктер жасау жолындағы Еңбекминінің ағымдағы әлеуметтік саясатының нәтижесі болып табылады. 

Оқу бағдарламасын Мемлекеттік басқару академиясы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) және Астана қаласының мемлекеттік қызмет хабы бірлесіп жасады. Оқу - Президент жариялаған "Басқарушылық шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісіне көшу" шараларының үшінші басымдылығына сәйкес COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдарын жеңілдету компоненттерінің бірі және де мемлекеттік органдардың сабақтастығын қолдауға бағытталған, - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызметшілердің нақты қажеттіліктерін көрсететін алдында жүргізілген сауалнама негізінде мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандарына бағдарланған екі бөлек бағдарлама жасалды. 

Оқыту нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер өзгерістерге бейімделу, жаңа ортадағы өнімділікті басқару, күйзеліске қарсы тұру, тиімді интернет-коммуникациялар, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдану дағдыларына ие болады. Алынған білім оларға мансаптық өсуге көмектеседі. 

Алғашқы екікүндік жаттығу 15 маусымда басталды. Сабақтар қашықтықтан онлайн түрінде өткізіледі. Қатысушыларды оқыту ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады. 

Айта кету керек, бүгінде Қазақстанда мүгедектігі бар 433 мемлекеттік қызметші бар. Оның 318-і орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істейді.  

Өзгелердің жаңалығы