Бас жаңалықтар
Мүгедектігі бар балалар арнайы мектептерде білім алады – Светлана Жақыпова
19 Маусым 2019, 16:08 383

Мүгедектігі бар балалар арнайы мектептерде білім алады – Светлана Жақыпова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, балалардың сыныпта оқуы үшін жұмыс атқарып жатырмыз. Егер бала мектепке келіп оқи алмаса қашықтан білім алу жүйесіне қосамыз. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова баспасөз мәжілісінде айтты.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 685 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар бар, оның ішінде 421 мыңы еңбекке қабілетті жаста, 166 мыңы зейнеттік жастағылар. Ал 18 жасқа дейінгі балалардың саны 88 мыңды құрайды. Осы санаттағы азаматтарға сапалы қызмет көрсету, өмірдің сапасын арттыру үшін осы жылдың мамыр айында 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар қабылданды», - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, ұлттық жоспар 7 бағытта жүзеге асырылады. Бірінші бағыт - мүгедектіктің алдын алу және профилактика. Екінші - білім беру қолжетімділігі, үшінші - кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта, төртінші - экономикалық дербестігі және сапалы жұмыспен қамту, бесінші -әлеуметтік оңалту және облитация тиімділігін арттыру, алтыншы- әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту, жетінші - қоғамдық сананы жаңғырту бағыты.

«Ұлттық жобаның идеологиясы ешбір сала өздігінен дами алмайды деген қағида бойынша құрылған. Өйткені мүгедектік өмірдің әр саласымен байланысты. Сондықтан олардың өмір сапасын, көрсетілетін қызмет түрін жақсарту үшін осындай жоба құрылды. Жобаның әр бағыты бірін-бірі демеп отыру керек», - деді ол.

Сондай-ақ, ол білім беру қолжетімділігі мәселесіне тоқталып, қазіргі таңда балалардың білім алуы үшін жағдайлар жасалып жатқанын жеткізді.
 
«Статистикаға тоқталсақ еліміздегі 7 мың мектептің тек 4 мыңдайында мүгедек балаларға жағдай жасалған. Яғни, 4 мың білім беру мекемесі ерекше қамқорлықты қажет ететін баланы қабылдауға дайын. Осы жасалған жоба бойынша Білім министрлігімен бірігіп әр шарада қоғам пікірінің ескерілуіне назар аударудамыз. Әсіресе ерекеше қамқорлықты қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарының сұраныстарын ескеруді алға қойып отырмыз. Бұл кадрдларды дайындау мәселесі, онлайн білім берудің негізін қалау. Қазіргі күні Қазақстанда 15 мыңдай бала үйде білім алып жатыр. Бұл жақсы көрсеткіш емес. 2017 жылы елімізге шетелден баяндамашы келді, сондағы оның ұсынысының бірі мүгедектігі бар балаларды арнайыландырылған мектепте оқыту болған еді. Осы мақсатта біз Білім министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, балалардың сыныпта оқуы үшін жұмыс атқаратын боламыз. Егер бала мектепке келіп оқи алмаса қашықтан білім алу жүйесіне қосылады. Бұл білім берудің барлық санатында орын алады, ол дегеніңіз мектеп, колледж және жоғары оқу орны»,- деді Светлана Жақыпова.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық